RBK банкі Назарбаевқа тиесілі компаниядан миллиардтаған қаражат аударғаны үшін айыппұл төледі

Қаракөз Амантай 06 қаң. 2026 16:36

Қазақстандық RBK банкі 262,6 млрд теңге (шамамен 615 млн доллар) қаражатты “EBF Investment” ЖШС-тен “Skybridge Invest” АҚ-қа аударғаны үшін 182 574 теңге әкімшілік айыппұл төледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Hronika.kz мәліметінше, тексеру барысында банк осы операциялар туралы қаржы мониторингі агенттігіне хабарлама жібермегені анықталды. Айта кетейік, “EBF Investment” компаниясы бұрын “Елбасы қоры” мен “Нұрсұлтан Назарбаев қоры” иелігінде болған.

Бұған дейін RBK банкі басқа тұтынушылары арқылы да трансшекаралық операцияларды жүргізген, бірақ көлемі "EBF Investment"-тің қаражатына қарағанда аз болған. Мамандардың айтуынша, банк тек формальды қадағалау ережелерін орындамағаны үшін айыппұл төлеген, ал қаражат заңсыз жолмен алынбаған.

Айта кетейік, RBK банкі бұған дейін де банктік заңнаманы бұзу бойынша бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар