«Самұрық-Қазынадағы» тағы бір қызметкер тергеуге алынды

«Самұрық-Қазынадағы» тағы бір қызметкер тергеуге алынды
Ашық дереккөз

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында тағы бір қызметкер ұсталды. Бұл жолы қордың сатып алуды әдіснамалық қамтамасыз ету, бақылау және мониторинг департаментінің директоры тергеуге алынған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қордың баспасөз қызметі қызметкердің ұсталғанын растаған. Алайда оның қазіргі қызметіне қатысты емес екенін мәлімдеді.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, қор департаменттерінің бірінің қызметкерін ұстау оның бұрынғы еңбек қызметіне байланысты мән-жайларға қатысты және қазіргі лауазымдық міндеттерін орындауына қатысы жоқ», – деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу барысына қатысты әзірге мәлімет берген жоқ.

Жаңа эпизодтардың Жақұпов пен Отынышевтің ісімен байланысы бар-жоғы әзірге белгісіз. Бұл туралы «За нами уже выехали» басылымы хабарлады.