Шымкентте жанармай таситын көлік түгі қалмай өртеніп кетті: жүргізуші қаза тапты

Шымкентте жанармай таситын көлік түгі қалмай өртеніп кетті: жүргізуші қаза тапты
видео кадры

Шымкентте жол апатынан кейін жанармай таситын көлік түгі қалмай өртеніп кетті, деп хабарлайды dalanews.kz.

18 қарашада сағат 15:58-де 112 шұғыл пультіне Тұран ауданындағы Ташкент тасжолында жанармай тасымалдайтын көлік жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілген.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде жол апаты салдарынан аударылған көлік толығымен отқа оранған. Сонымен қатар, жолға төгілген жанармай тұтанған. ТЖД қызметкерлері өртті 60 шаршы метр аумақта сөндірді. Өрт толықтай сөндірілді.

Көлік кабинасынан ер адамның сүйегі табылды.