Қазақстандықтарға SIM-картаның мерзімін ұзартамыз деген сылтаумен алаяқтар хабарласа бастаған

Қазақстандықтарға SIM-картаның мерзімін ұзартамыз деген сылтаумен алаяқтар хабарласа бастаған
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстанда ұялы байланыс нөмірінің мерзімін ұзарту деген сылтаумен азаматтарды алдайтын алаяқтар көбейген. Ақтөбеде екінші курс студенті өзін ұялы байланыс операторы мен банк қызметкері ретінде таныстырған алаяқтарға сеніп, шамамен 10 миллион теңгесінен айырылған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, алаяқтар қызды ақшасын «қауіпсіз шотқа» аударуға көндірген. Ол белгісіз адамдардың нұсқауын орындап, қомақты қаржысынан айырылған.

Алаяқтардан қалай қорғануға болады?

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды телефон арқылы хабарласқан белгісіз адамдарға сақ болуға шақырды.

Полиция азаматтарға мына жайттарды есте сақтауды ескертеді:

  • Банк пен ұялы байланыс операторының қызметкерлері ешқашан ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуды талап етпейді;
  • Өзін банк, құқық қорғау органдары немесе басқа мекеме қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адамдардың нұсқауымен қаржылық операция жасамау керек.

Егер осындай күмәнді қоңырау түссе, әңгімені тоқтатып, ұйымның ресми нөміріне өзіңіз хабарласқан жөн.