Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында 35 жастағы Айгерім Дүйсенқызы Ескуатова із-түссіз жоғалып кетті. Әйелдің туыстары оның қайда екенін анықтауға көмектесуді сұрап, қала тұрғындарына үндеу жасады, деп dalanews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жоғалған әйел туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таралып, туыстары оны іздестіруге жұртшылықтың көмегі қажет екенін жеткізген. Жарияланған іздеу хабарламасына сәйкес, Айгерім Ескуатова жоғалған күні үстіне қара күртеше, басына ақ түсті баскиім киген. Сондай-ақ оның жанында сөмкесі болған және үлкен күннен қорғайтын көзілдірік таққан.
Отбасы қала тұрғындарын бейжай қалмай, іздестіру жұмыстарына қолдау көрсетуге шақырады.