Аудит: 206 жекеменшік мектептен 78,7 млрд теңгеге заңбұзушылық анықталды

Көркем Алдабергенова 06 қаң. 2026 17:40

6 қаңтардағы жағдай бойынша жекеменшік мектептерді қаржыландыруға жүргізілген аудит нәтижесінде 789 білім беру ұйымымен жалпы сомасы 78,7 млрд теңгеге келісімшарт жасалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алайда бұған дейін бюджеттен қаржы алып келген 206 жекеменшік мектеп белгіленген талаптарға сай келмеген.

Тексеру барысында бірқатар жүйелі заңбұзушылықтар анықталған.

Атап айтқанда:

  • 1 333 оқушының жыл ішінде 5-тен 12 ретке дейін «аномальды» ауысуы тіркелген;
  • балалар мен мұғалімдерді екі рет есепке алу деректері анықталған;
  • 64 мектепте жобалық қуаттылық екі еседен астам арттырылған;
  • 167 мектеп 2024 жыл бойынша табысы жөнінде есеп тапсырмаған. Ескертулерден кейін олар 1,2 млрд теңге салық төлеген, ал 46 білім беру ұйымында қарсы тексерулер басталған.

Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министр Олжас Бектенов жағдайды түзетуге бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу жұмысын үйлестіруді вице-премьер Аида Балаеваға тапсырды. Ұсыныстар бір аптаның ішінде енгізілуі тиіс.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар