Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қаракөз Амантай 07 қаң. 2026 07:30

7 қаңтарда Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақмола облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында қар жауып, боран және көктайғақ болады. Жел батыстан соғып, облыстың солтүстігі мен шығысында 15–20 м/с, түнде кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Астанада да қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Қала көшелерінде көктайғақ болуы мүмкін.

Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғады. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с, түнде екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде жаяу бұрқасын болуы мүмкін.

Түркістан облысының батысы, оңтүстігі және таулы аймақтарында тұман түседі.

Атырау облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында тұман мен көктайғақ байқалады. Күндіз оңтүстік және шығыс бағыттағы жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Ақтөбе облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында қар жауып жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында тұман және көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман болады.

Абай облысының батысы, солтүстігі мен орталығында қар, боран және көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында қар, боран және көктайғақ болады. Солтүстігінде кей уақытта қар қалың түсуі мүмкін.

Ұлытау облысының шығысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Солтүстігі, шығысы және орталығында тұман түседі. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с дейін соғады.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде қар жауып, боран соғады. Облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығы, оңтүстігі және солтүстігінде тұман болжанады.

Қостанай облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман күтіледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар