Таразда Жаңа жыл түні ірі өрт болды

Сағыныш Сардарова 01 қаң. 2026 09:38

Таразда Жаңа жыл түні ірі өрт болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ТЖД мәліметінше, Жамбыл даңғылы бойындағы екі қабатты мейрамханаға жапсарлас салынған жаздық алаңқай өртенген.

"Оқиға орнына жедел жеткен Жамбыл облысының ТЖД күштері мейрамханадан шамамен 100 адамды эвакуациялады. Жедел қабылданған шаралар нәтижесінде өрттің мейрамхананың негізгі ғимаратына және жанында орналасқан жанармай құю бекетіне таралуына жол берілген жоқ", - деді құтқарушылар.

Өрт 300 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар