Қазақстан Республикасының Спорт және туризм министрлігінің өкілі Аян Төлеген Головкинді «Гена» деп атамауға шақырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Аян Төлеген Головкинді World Boxing ұйымының президенті болып тағайындалуымен құттықтады. Оның айтуынша, жақын уақытта бүкіл әуесқой бокс әлемі Геннадий Головкиннің алғашқы қадамдарын тағатсыздана күтетін болады.
Бұдан бөлек, Дирекция өкілі қазақстандықтарға күтпеген өтінішпен жүгінді.
«Және тағы бір, шын мәнінде, өте маңызды жайт бар. Бұл ең алдымен журналистер мен жанкүйерлерге арналған өтініш. Материалдарыңызда, жазбаларыңызда немесе трибунадағы жанкүйерлік ұрандарыңызда Головкинді “Гена” деп атауды доғарыңыздар. Оның жасы — 43-те, және ол әлемдік спорттағы ең құрметті тұлғалардың бірі. Біз ең алдымен өзіміз, еліміздегі және халықаралық қауымдастықтағы оның орнын лайықты құрметпен көрсетуіміз керек. Сондықтан World Boxing ұйымындағы қызметіне тек сәттілік пен зор жеңістер тілейміз, Геннадий Геннадьевич!» — деп үн қатты Төлеген.
