Үш күн ас-сусыз, ұйқысыз: Жамбыл облысында қойшы 700 қоймен иен далада адасып кеткен

Сағыныш Сардарова 26 қар. 2025 14:47

Жамбыл облысында полицейлер қалың тұманда адасқан қойшыны іздеп тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жамбыл ауданындағы шаруа қожалықтардың бірінде екі күн бұрын қойшы 700 қоймен бірге құмды аумақта адасып кеткен. Хабарлама түскен сәтте жедел түрде оқиға орнына шыққан полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізді.

24 сағатқа жетпей аудан орталығынан 200 шақырым жерде қойшы да, оның малы да табылды.

"Түнде тоңып қалмау үшін ұйықтамауға тырыстым. Үш күнге жуық тамақ ішпегендіктен әлсіреп қалдым. Мені тапқан полиция қызметкерлері жағдайымды көріп, бірден жылы орынға апарып, айран мен нан берді. Алғысым шексіз", - деді тұрғын.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар