Дау болған Алматы ипподромы мемлекет меншігіне қайтпайды

Көркем Алдабергенова 26 қар. 2025 17:12

Дау болған Алматы ипподромы мемлекет меншігіне қайтпайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов айтты. 

«Қолданыстағы бас жоспар бұл аумақта ипподромның сақталуын қарастырады. Жоспарға ұсынылып жатқан түзетулерде де оны осы жерде қалдыруды біз міндетті шарт ретінде қойып отырмыз. Қазір оны мемлекет меншігіне сатып алу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ», - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда тарихи нысан - ипподром бұзылып, орнына тұрғын үй салынуы мүмкін деген ақпарат тарады. Бұған қатысты "Тенгри Инвест" ЖШС және әкімдік ресми мәлімдеме жасады.   

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралы мен әлеуметтік желілерде Алматы ипподромының аумағында тұрғын үй кешені салынады деген ақпараттың таралуына байланысты "Тенгри Инвест" ЖШС ресми түрде бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Алматы ипподромы – тарихы терең әрі мәдени маңызы зор нысан болып қала береді. Мұнда дәстүрлі түрде еліміздегі ат спорты мен ұлттық мәдениетті насихаттауға бағытталған ірі спорттық және қоғамдық іс-шаралар өткізіліп келеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар