Қырғызстан соты жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты қылмыстық іс бойынша бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың ұлын екі айға қамауға алды, деп хабарлайды Dalanews.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Бішкек қаласының сотында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктілер тобына бұлтартпау шарасын өзгерту туралы тергеу тарапының өтініші қаралды. Алдымен сот тергеу өтінішін қанағаттандырып, Темирлан Султанбеков, Эрмек Эрматов және Урмат Аскарбековты (Урмат Барыктабасов тегі өзгерген) қамауға алу туралы шешім шығарды. Олар 17 қаңтарға дейін тергеу абақтысына қамалды.
Сот шешімімен 17 қаңтарға дейін Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы Кадырбек Атамбаев, сондай-ақ Шайлообек Атазов пен Кубанычбек Кадыров та қамауға алынды.
Елдің бұрынғы президентінің ұлы айыптың ауыр түрге қайта қойылғанын хабарлады. Енді оған билікті күшпен құлату әрекеті тағылған.
