Freedom Inside '26

Италияда қазақстандық студент көз жұмды

Италияда қазақстандық студент көз жұмды
ашық дереккөз

Италияда Қазақстаннан барған студент көз жұмды. Ол - Орал қаласындағы НЗМ түлегі. Қайғылы хабар әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мәліметке қарағанда, марқұмның сүйегін елге жеткізу мәселесінде қиындық туған. Шығын көлемі шамамен 8 мың еуроға жететіні айтылған.

Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға байланысты пікір білдіріп, марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Ведомство мәліметінше, Қазақстанның Италиядағы елшілігі жергілікті органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Дипломаттар марқұмның отбасымен байланыста, консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр.