Freedom Inside '26

Ресейде ірі мұнай өңдеу және химия кәсіпорындары дрон шабуылына ұшырады

Ресейде ірі мұнай өңдеу және химия кәсіпорындары дрон шабуылына ұшырады
видео кадры

12 маусымда таңертең Татарстан аумағындағы бірнеше нысанға дрон шабуылы жасалды. Нысандардың қатарында өңірдегі негізгі кәсіпорындардың бірі "Нижнекамскнефтехим" кешені де бар, деп хабарлайды dalanews.kz.

БАҚ-та жарияланған видеоларға қарағанда, кәсіпорын аумағында өрт шыққан.

Татарстан басшысы Рустам Минниханов шабуылға ұшыраған нысандарда зардаптарды жою жұмыстары жүргізіліп жатқанын, өндіріс тоқтатылмағанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, оның айтуынша, дрондардың бірі тұрғын үйге түскен. Салдарынан үш адам зардап шеккен. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген.

Оқиғадан кейін Нижнекамск пен Қазан әуежайларында ұшақтарды қабылдау және жөнелтуге уақытша шектеулер енгізілді.

Кейін Самара облысындағы "Тольяттикаучук" химия зауытына да дрондар шабуыл жасағаны хабарланды.