БҚО тұрғыны ресейлік төлқұжат үшін сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ол екінші азаматтығын жасырғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Орал қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты В.-ға қатысты әкімшілік істі қараған. В.-да 2022 жылғы қыркүйекте алған Ресей Федерациясының азаматтығы бар екені анықталған, алайда ол бұл туралы уәкілетті органдарға уақытылы хабарламаған.
Сот отырысында В. өз кінәсін толық мойындаған, бұл жағдай жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілген.
Сот В.-ны ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 393 200 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
