Еуропа елдерінен Ресейге көшуге ай сайын шамамен 150 адам өтініш беріп жатыр. Бұл туралы 26 қарашада Ресейдің Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володин мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Еуропалықтар жаңа мекен ретінде Ресей Федерациясын таңдап жатыр", - деп жазды ол Telegram-арнасында.
Володиннің айтуынша, 2024 жылы дәстүрлі ресейлік құндылықтарды бөлісетін азаматтарға көшу мүмкіндігі ашылған. ІІМ деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қазанның соңына дейін осындай 2 мың өтініш түскен, ал ай сайын шамамен 150-ге жуық жаңа өтініш қабылданады.
Оның сөзінше, Ресейге қоныс аударғысы келетіндердің басым бөлігі, Ұлыбритания, Германия, Италия, Латвия, Литва, Франция және Эстония тұрғындары.
Мемдума төрағасы атап өткендей, Ресейді таңдаудың негізгі себептері қауіпсіздіктің жоғары деңгейі, тегін медицина мен білім, сөз бостандығы.
