Ақмола облыстық соты 2026 жылғы 25 ақпанда дәмханада болған өртке қатысты апелляциялық шағымдарды қарады. Сот үш сотталушыға тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасын өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сот шешіміне сәйкес:
- дәмхана иесі – 7 жылға;
- автогаз құю станциясының директоры – 7 жылға;
- газ баллондарын жеткізген азамат – 6 жылға сотталған.
Сотта қайғылы оқиғаға жылыту радиаторының жанында сақталған, шамадан тыс толтырылған газ баллонының жарылуы себеп болғаны анықталған.
Тергеу материалдары бойынша, дәмхана иесі өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған. Газ жеткізуші қажетті рұқсатсыз жұмыс істеген, ал жанармай құю станциясының директоры тұрмыстық газ баллондарын тиісті бақылаусыз толтыруға жол берген.
Өрт салдарынан 12 адам қаза тауып, тағы 11 адам түрлі деңгейде жарақат алған.
Сот, сонымен қатар, 16 жәбірленушінің моральдық зиянды өтеу туралы талаптарын ішінара қанағаттандырды. Үкім заңды күшіне енді.