Алматының Бостандық ауданында қою қара түтін байқалды

Алматының Бостандық ауданында қою қара түтін байқалды
видео кадры

Алматының Бостандық ауданында қою қара түтін байқалды. Өртсөндірушілер жеке тұрғын үйдегі өртті оқшаулап жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алматы гарнизонының күштері мен құралдары қаланың Бостандық ауданындағы Қаратаев көшесінде шыққан өртті сөндіріп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша өрт шаруашылық құрылыстан басталып, жеке тұрғын үйге тараған.

"Өртті сөндіру үшін оқпандар берілді. Автоцистерналар өрт гидранттарына қосылып, су үздіксіз беріліп жатыр. Жағдай бақылауда", - деді ТЖМ өкілдері.