17 млн теңгенің алтыны қолды болған: Таразда үйге қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

17 млн теңгенің алтыны қолды болған: Таразда үйге қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды
видео кадры

Таразда 17 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

102 нөміріне Тараз қаласының тұрғыны қоңырау шалып, белгісіз біреулер пәтерінен 30-дан аса алтын бұйымын, гаухар тастарын және 830 мың теңге көлеміндегі қаражатын ұрлап кеткенін хабарлаған.

Күдіктілер пәтерге үйде ешкім жоқ кезде келіп, есіктің құлпын бұзу арқылы кірген. Қолды болған ақшаның арасында қырғыз сомы, еуро, қытай юані болған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 17 миллион теңгеден асқан.

Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері екі ер адамды анықтады. Бірі - Түркістан облысының тұрғыны. Тінту кезінде күдіктілерден айғақ заттар табылған.

Олар кейбір бұйымдарды сатып үлгерген. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.