Семейде 15 жастағы жасөспірім жоғалып кетті

Семейде 15 жастағы жасөспірім жоғалып кетті
Фото: Абай облысы ПД

Абай облысының орталығы Семей қаласында 15 жастағы Айдар Сейталин із-түзсіз жоғалып кетті. Жасөспірім 31 қазан күні үйінен шығып, содан бері қайта оралмаған. Полиция баланы іздестіріп, тұрғындардан көмек сұрады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 2011 жылғы 10 мамырда дүниеге келген Айдар Дамирұлы Сейталин 31 қазан күні үйінен белгісіз бағытқа кеткен. Арада бірнеше күн өтсе де, жасөспірімнің қайда жүргені туралы ақпарат түспеген.

1 қараша күні Семей қаласының 44 жастағы тұрғыны полицияға хабарласып, баласының үйге оралмағанын жеткізген.

Осыдан кейін тәртіп сақшылары жасөспірімді іздестіру шараларын бастаған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның жүрген жерін анықтау үшін жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Абай облысының Полиция департаменті Айдарды көрген немесе оның қайда жүргенін білетін азаматтарды құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырды.