«Ұмай» ипотекасына өтінім қабылдау басталып, «Отбасы банк» бөлімшесінің алдында кезек пайда болды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қазақстанда әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Бағдарламаның алғашқы күні «Отбасы банк» бөлімшелерінің біріне көп адам жиналып, ғимаратқа кіруге ұмтылған. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.
Банк өкілдерінің мәліметінше, бағдарламаға қатысуға ниеттілердің көп болуына байланысты кейбір сервистердің жұмысында кідіріс болған. Бүгін сағат 11:30-дағы жағдай бойынша банкке 300 өтінім түскен. Сондай-ақ банк өтінім беру үшін бөлімшеге барудың міндетті емес екенін еске салды. Құжаттарды онлайн бейнеқызмет арқылы немесе банк кеңесшілерінің көмегімен тапсыруға болады.
«Ұмай» ипотекасына өтінім қабылдау жалғасып жатыр.