Geely Galaxy EX5 EM-i Қазақстандағы гибридті автокөліктер арасында алдыңғы орнын сақтап келеді. 2026 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша кроссовер елдегі ең көп сатылған гибрид атанды. Ал тоғыз айдағы жалпы сатылым көлемі 1 470 көлікке жетті. Бұл туралы Қазақстанның автомобиль бизнесі қауымдастығының деректерінде көрсетілген, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алдыңғы айларда жоғары нәтиже көрсеткен Geely Galaxy EX5 EM-i-ге сұраныс әлі де тұрақты. 2026 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында модель Қазақстандағы гибридті автокөліктер сатылымы бойынша бірінші орынды иеленіп, жақын бәсекелестерінен озып шықты.
Қауымдастық мәліметінше, тоғыз айда ең көп сатылған гибридті модельдердің үздік үштігі мынадай:
- Geely Galaxy EX5 EM-i – 1 470 автокөлік;
- BYD Song Plus DM-i – 1 361 автокөлік;
- Toyota Camry – 1 046 автокөлік.
Көш басындағы модель мен оның ең жақын бәсекелесі арасындағы айырмашылық 109 көлікті құрайды. Ал Toyota Camry-мен салыстырғанда Geely Galaxy EX5 EM-i 424 автокөлікке артық сатылған.
Geely Galaxy EX5 EM-i-дің бірінші орынға көтерілуі брендтің Қазақстан нарығындағы дамуы үшін маңызды кезең болды. Дегенмен жоғары бәсеке жағдайында көшбасшылық орнын сақтап қалуы одан да елеулі нәтиже саналады.
Қазақстанда гибридті автокөліктер біртіндеп нарықтың шағын сегментінен шығып, дәстүрлі бензинді көліктерге толыққанды баламаға айналып келеді. Қазір сатып алушылар көліктің үнемділігіне, жүріс қашықтығына, технологиялық мүмкіндіктері мен күнделікті қолданыстағы қолайлылығына баса мән береді.
Geely Galaxy EX5 EM-i электр қуаты мен бензин қозғалтқышының артықшылықтарын біріктіретін интеллектуалды гибридті жүйесі арқылы осы талаптарға жауап береді.
Кроссовер бір рет қуатталып, жанармай багы толтырылған жағдайда жалпы 1 003 шақырымға дейін жүре алады. Ал тек электр қуатымен 100 шақырымға дейін жол жүруге мүмкіндік бар. Аралас циклдегі жанармай шығыны 100 шақырымға 2,4 литрді құрайды. Бұл көрсеткіш модельді күнделікті қала ішінде пайдалануға да, алыс сапарларға шығуға да қолайлы етеді.
Модельдің нарықтағы жетістігіне оның Қазақстанда құрастырылуы да айрықша мән беріп отыр.
Еске салайық, Geely Galaxy бренді 2025 жылы Allur автомобиль компаниясының портфеліне қосылған. EX5 EM-i өндірісі Қостанайдағы Allur зауытында жолға қойылды. Осылайша бұл модель Қазақстанда шығарыла бастаған алғашқы жеңіл гибридті автокөлік атанды.
Geely Galaxy EX5 EM-i-дің жетістігі тұтынушылардың заманауи гибридті технологияларға қызығушылығын ғана емес, отандық автомобиль өндірісінің дамуын да аңғартады.
Көліктің техникалық сипаттамаларымен қатар, оны сатып алу шарттары да сатылымға ықпал етіп отыр. Тұтынушыларға Trade-in бағдарламасы және бастапқы жарнасыз несие рәсімдеу мүмкіндігі ұсынылған.
Қолданыстағы арнайы ұсыныс аясында Geely Galaxy EX5 EM-i бағасы 12 099 000 теңгеден басталады.
Заманауи технология, үнемділік пен бәсекеге қабілетті баға үйлесімі модельге гибридті автокөліктер сегментіндегі өзге көліктермен сенімді бәсекелесуге мүмкіндік беріп отыр.
2026 жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысы Geely Galaxy EX5 EM-i-дің бірінші орынға көтеріліп қана қоймай, Қазақстанның гибридті автокөліктер нарығындағы көшбасшылығын нығайтқанын көрсетті. Қыркүйектегі нәтиже де модельге деген сұраныстың тұрақты екенін дәлелдеді. Ал 1 470 автокөлікті құраған жалпы сатылым оның елдегі ең перспективалы көлік сегменттерінің бірінде берік орын алғанын аңғартады.