Ұлттық қауіпсіздік комитеті Каспий теңізі акваториясында халықаралық есірткі арнасының жолын кесті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Биыл 1 қарашада Шекара қызметі ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесіп, жүзу құралымен жасырынуға әрекет жасаған үш шетелдік азаматты, сондай-ақ, жағалаудан Қазақстан Республикасының екі азаматын ұстады.
"22 келі апиын, 27 келі гашиш, 60 келі марихуана және шағын көлемді жүрдек катер тәркіленді. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - деді ҰҚК баспасөз қызметі өкілі.