Жамбыл облысында мұғалімді қорлаған оқушының анасына айыппұл салынды. Бұл туралы өңірлік соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оқиға Жаңатас қаласындағы мектеп-гимназиясында болған. Оқушы ағылшын тілінен сабаққа кірмеу үшін мұғалімнің сұранысына дөрекі жауап беріп, педагогқа қарсы орынсыз сөздер айтқан.
Бұған дейін де баланың осындай әрекеті үшін анасы жауапқа тартылғаны белгілі болды. Сот отырысында әйел кінәсін мойындап, кешірім сұрады және мұндай жағдайларды болдырмауға уәде берді.
Сот отбасылық жағдайын және кінәсін мойындағанын ескеріп, айыппұл мөлшерін 30% төмендетті. Анасы 41 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.
