Freedom Inside '26

"Үш жылға сотталуы мүмкін". Әнші Мұқасан Шахзадаевты қандай жаза күтіп тұр?

"Үш жылға сотталуы мүмкін". Әнші Мұқасан Шахзадаевты қандай жаза күтіп тұр?
әлеуметтік желіден

Әнші Мұқасан Шахзадаевты қандай жаза күтіп тұрғаны белгілі болды. Бұл туралы "Нұр-Мұқасан" тобының жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлейменнің адвокаты Инга Иманбай мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәліметке сүйенсек, іс ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігі - "Адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы арқылы денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бойынша қозғалған. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұған дейін істің мән-жайын жазған едік. Ғалымжан Сүлейменнің айтуынша, даудың бәрі әннен шыққан. Мәселені шешу үшін ол Шахзадаевтың үйіне барған. Алайда соққыға жығылған. "Полиция Мұқасанды емес, мені алып кетті" дейді. Енді "Нұр-Мұқасан" тобының мүшесі заңгерлердің көмегіне жүгініп, "жуан жұдырықты" әншіні жауапқа тартқысы келеді. 

Кеше әнші Мұқасан Шахзадаев ұсталғаны туралы ақпарат тарады.