Әнші Мұқасан Шахзадаев ұсталды

Сағыныш Сардарова 25 қар. 2025 21:45

Әнші Мұқасан Шахзадаев ұсталды. Бұл туралы "Нұр-Мұқасан" тобының жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлейменнің адвокаты Инга Иманбай мәлімдеді. Дегенмен полиция оның ұсталғаны туралы әзірге ресми пікір білдірмеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Кеше полиция таппай жатыр деп хабарлап едік. Қазір ұсталды. Жедел тергеу әрекеттері басталды. Оған Ғалымжан мырза екеуміз де қатысуымыз керек. Қасақана мотивпен, алдын ала сөз байласу арқылы денсаулыққа зиян келтірілгенін, бірнеше күн бойы жауапкершіліктен қашып жүргенін ескерсек, міндетті түрде түрме жазасы болуы керек. Соны талап етеміз", - деді заңгер.

Бұған дейін істің мән-жайын жазған едік. Ғалымжан Сүлейменнің айтуынша, даудың бәрі әннен шыққан. Мәселені шешу үшін ол Шахзадаевтың үйіне барған. Алайда соққыға жығылған. "Полиция Мұқасанды емес, мені алып кетті" дейді. Енді "Нұр-Мұқасан" тобының мүшесі заңгерлердің көмегіне жүгініп, "жуан жұдырықты" әншіні жауапқа тартқысы келеді. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар