Депутат телефоны жоғалғанын айтты, ал министр "табамыз" деп сендірді

Сағыныш Сардарова 13 қаз. 2025 15:48

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза телефоны жоғалғанын айтты, ал ішкі істер министрі Ержан Сәденов "табамыз" деп сендірді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Депутат Самат Нұртаза арызы бір жарым жылдан бері Есіл аудандық полиция басқармасында жатқанын айтты.

"1,5 млн камерамыз бар. 58 пайыз қылмыс ашылып жатыр" дедіңіз. Қарапайым сұрақ. Жоғалған, ұрланған смартфондар неге табылмайды? Сіздің орынбасарларыңыз "смартфондарды шашып тастайды да, Қырғызстанға алып кетеді, біз таба алмаймыз" дейді. Учаскелік полицей несіне учаскелік полицей?!" - деп ашынды ол.

Депутат мәселе тек өзіне қатысты емес екенін, халық мұндай жағдайға жиі тап болатынын айтты.

"Иә, мұндай мәселе бар, кемшіліктер де жоқ емес. Бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Күн сайын айтылған сын-пікірлер ескеріледі. Әрбір қылмыс бойынша тергеуші себептері мен мән-жайын анықтап, кейін өзге қызметтерге жолдайды. Сұрақ өте орынды, маңызды... Қарастырамыз, табамыз", - деді министр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар