Мемлекеттік кірістер органдары 50 мың доллардан асатын валюталық операцияларды бақылайтын болады

Қаракөз Амантай 13 қаз. 2025 16:36

Қазақстанда мемлекеттік кірістер органдары 50 мың доллардан асатын валюталық операцияларды бақылауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Қазақстан Республикасының Салық кодексін іске асыру мақсатында мемлекеттік кірістер органдары мен Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық операциялар туралы ақпарат алмасу ережелері бекітіледі. Бұл 50 мың доллардан асатын валюталық операцияларды, соның ішінде тауарсыз мәмілелерді, резидент емес тұлғалардың кірістерін және “Астана” халықаралық қаржы орталығы қатысушыларының операцияларын қамтиды”, – делінген қаржы министрлігінің жоба сипаттамасында.

Жобаның мақсаты Ұлттық банк пен мемлекеттік кірістер органдары арасындағы ақпарат алмасудың бірізді ережесін орнату, ал күтілетін нәтижесі заңсыз капитал шығарудың алдын алу және жалған операцияларды жүзеге асыру тәуекелін азайту.

“Бұл жоба мемлекеттік кірістер органдарына ірі валюталық операциялар туралы ақпаратқа уақытылы қол жеткізуді қамтамасыз етеді, заңсыз капитал шығаруды анықтау тиімділігін арттырады және жалған операцияларды жүргізу тәуекелін азайтады. Сол себепті әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және басқа да жағымсыз салдар болмайды”, – деп толықтырды қаржы министрлігі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар