«Дипломмен – ауылға»: ШҚО-да 10,6 млн теңге заңсыз пайдаланылған

«Дипломмен – ауылға»: ШҚО-да 10,6 млн теңге заңсыз пайдаланылған
Egemen Kazakhstan

Шығыс Қазақстан облысында «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 10,6 млн теңгеге шарттық міндеттемелердің орындалмағаны анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Марқакөл ауданының прокуратурасы бағдарламаны іске асыру кезінде заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізген.

Мәселен, 2023 жылы Күршім ауданы әкімінің қаулысымен медициналық колледжді тәмамдап, аудандық ауруханаға жұмысқа келген жас маманға 5 млн теңге көлемінде бюджеттік кредит берілген. Оған қоса 345 мың теңге көтерме жәрдемақы төленген.

Алайда мемлекеттік қолдау алған медицина қызметкері шартта көзделген міндеттемесін орындамаған. Атап айтқанда, ауылдық елді мекенде кемінде үш жыл еңбек етуі тиіс болған.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде 2,95 млн теңге мемлекет кірісіне қайтарылды. Қалған соманы өндіріп алу мәселесі бақылауға алынған.

Прокуратура бюджет қаражатының заңды әрі мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасатынын хабарлады.