Қазақстан ушу-саньдадан алғашқы медалін алды

Қазақстан ушу-саньдадан алғашқы медалін алды
stan.kz

Қазақстандық спортшы Әлижан Аблағатов ушу-саньдадан Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды dalanews.kz ҰОК-қа сілтеп.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте Әлижан Аблағатов Иран өкілі Эрфан Мохаррами Пирагомнан жеңілді. 

Осылайша жерлесіміз 2026 жылғы Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады.