Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Асель Қайратқызы 13 қаз. 2025 15:21

                Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды Dalanews.kz. Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке Мәжілістің қазіргі қызметі туралы баяндалды. Ерлан Қошановтың айтуынша, депутаттар ел дамуына бағытталған Президент Жолдаулары мен тапсырмаларын сапалы әрі уақытылы заңнамалық тұрғыда қолдауға ерекше көңіл бөлуде.

Бүгінде 15 заң қабылданып, Сенаттың қарауына жолданды. Мәжілісте 77 заң жобасы қаралуда. Құрылыс және Цифрлық кодекстер, сондай – ақ «Банк қызметі туралы» заң осы жылдың соңына дейін қабылданады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, сайлау туралы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне қатысты заң жобалары әзірленіп жатыр. Депутаттардың бастамасымен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы заңға өзгерістер енгізу, креативті индустрияларды қолдау мен дамыту, ғылымды қажет ететін аумақтарды дамыту, тарихи- мәдени мұра нысандарын қорғау, бау- бақша серіктестіктеріне мемлекеттік қолдау көрсетуге байланысты заң жобалары дайындалуда.

Спикердің айтуынша, депутаттар Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі бағытын іске асыру бағытында белсенді жұмыс істеуде. Қыркүйек айының соңында Мәжіліс «Жасанды интеллект туралы» заңды қабылдап, Сенатқа жолдады. Сонымен қатар, отандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен Парламенттік тыңдаулар өткізілді.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар