Қазақстанда авто- мектептер енді ІІМ-нің рұқсатымен ғана ашылады

Асель Қайратқызы 13 қаз. 2025 14:46

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі автокөлік жүргізушілерін дайындайтын оқу орындарын ашуға рұқсат беру тәртібіне байланысты өзгерістер әзірлеуде. Бұл туралы аталған ведомствоның басшысы Ержан Саденов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz

ІІМ деректері бойынша, жыл басынан бері 22 мың қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылған. 19 мың адамға әкімшілік қамауға алу шарасы қолданылған.

Министр Ержан Саденов жол- көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі ретінде көлік жүргізу тәртібінің төмендігін және жүргізушілердің дайындығының нашарлығын атады.

Ол сондай-ақ 2018 жылдан бастап Қазақстанда авто- мектептерге мемлекеттік бақылау алынып тасталғанын еске салды.

- Барлығын ретке келтіріп жатырмыз. Өткен жылы өз бетінше дайындық жасау тәртібі алынып тасталды. Барлық авто- мектептер есепке алынды. Курстан өткені туралы куәліктер мен медициналық анықтамалар электрондық форматқа ауыстырылды. Енді авто- мектеп ашуға рұқсат беру тәртібіне өзгерістер енгізіп жатырмыз ,- деді министр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар