Ресейде жантүршігерлік қылмыс жасаған ер адам Ақтауда ұсталды

Ресейде жантүршігерлік қылмыс жасаған ер адам Ақтауда ұсталды
gov.kz

Қазақстан полицейлері Ресей құқық қорғау органдары іздеген 212 адамды анықтады. Оның ішінде 31 күдікті ұсталып, тағы 180 адамның жүрген жері белгілі болған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ақтау әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам қолға түсті. Ол Баку қаласына ұшып кетпек болған сәтте ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Тергеу мәліметінше, күдікті 2012 жылы Ресейдің Калуга қаласында жанжал кезінде үй иесінің басынан бірнеше рет соққы жасаған. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.