Тасжолдағы трагедиядан 5 жылда 12 267 адам көз жұмған - депутат

Сағыныш Сардарова 13 қаз. 2025 15:14

Тасжолдағы трагедиядан 5 жылда 12 267 адам көз жұмған. Бұл туралы Үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Депутаттың айтуынша, биыл қаңтар-тамызда елімізде 22 501 жол апаты тіркелді.

"32 375 адам зардап шекті, 1446 адам көз жұмды. 2024 жылғы 8 айда 15 862  жол апаты болған еді, арада бір жыл өтті, жол апаты 7 мыңға көбейді", - деді ол.

Нартай Аралбайұлы кейінгі бес жылдағы мәліметтерді келтірді, 5 жылда жол апатынан 12 267 адам көз жұмған.

"Жіктесем, 8218-і - ер адам, 2975-і әйел, 1074-і - бала. Бұл деректі әлем елдерімен салыстырсақ, Қазақстандағы тасжолдар бейбіт күнде бейіттен хабар әкелетін қорқынышты құралға айналып кетпеді ме деп қауіптенесің. Мәселен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жол апатынан көз жұмғандардың саны бойынша Қазақстан 192 елдің ішінде 107-орында тұр дейді", - деді ол. 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар