Қазақстанда "Яндекстің" бес компаниясы тексеріледі

Қазақстанда "Яндекстің" бес компаниясы тексеріледі
Фото: time.kz

Қарашаның соңына дейін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Қазақстандағы "Яндекс" компаниялар тобының бес ұйымына жоспардан тыс тексеріс жүргізеді. Ведомство олар жеке деректі қалай сақтап, қорғайтынын анықтайды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Құрылтай депутаты Ләззат Жылқыбаеваның сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Тексеріс Қазақстанда тіркелген бес компанияны қамтиды. Олар: "Яндекс Қазақстан", Yandex Bastau, "Яндекс. Такси Корп", "Яндекс. Еда Казахстан" және "Яндекс LLP".

"Тексеріс барысында жеке деректі қорғау саласындағы заңнама талаптары сақталуы жан-жақты зерделенеді. Деректі Қазақстан аумағында сақтау және оларды қорғау үшін қабылданған ұйымдастырушылық әрі техникалық шаралар қаралады", – деп жазылған Мәдиевтің жауабында.

11 қазанда Қазақстанда такси шақыру және курьерлік жеткізу қызметтеріне арналған Яндекс Go сервистері істемей қалды. Компания бұған шетелдегі инфрақұрылымда болған ақау себеп болғанын мәлімдеді.