Тұман салдарынан ондаған көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты

Тұман салдарынан ондаған көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
ашық дереккөз

Болгарияда тұман салдарынан көптеген көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Елдің оңтүстік-шығысындағы Тракия автомагистралінде екі ірі жол апаты болды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, 80-нен аса жеңіл және жүк көлігі соқтығысқан.

Оқиға 10 қарашада таңертең Зимница ауылы маңында болған. Қалың тұман салдарынан жол көрінбеген. Биліктің алдын ала болжамы бойынша оқиғаға осы жағдай себеп болған. Екінші жол апаты қарсы бағыттағы жолақта болған. Жүргізушілер тасжолдың арғы бетіндегі жол апатына алаңдап, жолға назар аудармай қалуы мүмкін.

Құтқарушылар зардап шеккендерге жету үшін жол қоршауларының бір бөлігін алып тастауға мәжбүр болған. Тұман салдарынан тікұшақтар зардап шеккендерді эвакуациялауға қатыса алмады. Жарақат алғандар бірнеше өңірдегі ауруханаларға жеткізілді.