"Құқықбұзушылық белгілері жоқ" - министрлік Көлсайда шомылған Павел Дуровқа қатысты

Сағыныш Сардарова 13 қаз. 2025 17:07

Экология министрлігі Павел Дуровқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz

БАҚ пен әлеуметтік желілерде Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың Алматы облысындағы "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде шомылып жүрген сәті түсірілген видео жарияланды. 

"Бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп, Көлсай-2 көлінің маңында шомылуға тыйым салынғаны туралы ескерту белгілері болмағаны анықталды. Сол себепті бұл әрекетте құқықбұзушылық белгілері жоқ. Кездейсоқ болған жағдай аумақтың экологиялық тұрақтылығына әсер етпеген. Сонымен қатар, Павел Дуровтың 10 миллионнан аса жазылушысы бар жеке парақшасында жарияланған бейнематериал имидждік сипатқа ие, Қазақстанның табиғи сұлулығын халықаралық аудиторияға паш етті. Мұндай ақпараттық қамту - елдің туристік әлеуетін жақсартуға қосылған елеулі үлес", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуровқа айыппұл салынуы мүмкін екені хабарланды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар