Астана тұрғындары тұмауға қарсы екпені тегін ала алады

Ақтоты Жапатова 13 қаз. 2025 16:47

Астана тұрғындары тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы вакцинацияны тегін ала алады. Екпе салдыру 6 айдан бастап балаларға, жасөспірімдерге, барлық жастағы ересектерге, сондай-ақ 16-дан 37 апталық мерзім аралығында жүкті әйелдерге қолжетімді, деп хабарлайды Dalanews.kz 

Вакцина алу үшін учаскелік дәрігерге жазылмай-ақ, қабылдау уақытында баруға болады. Диспансерлік есепте тұрған егде жастағы адамдар мен созылмалы аурулары бар науқастардың вакцинациядан өтуі аса маңызды.

Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу үшін мамандар келесі шараларды ұстануға кеңес береді:
• маска тағу және антисептик қолдану;
• көп адам жиналатын орындарға баруды шектеу;
• бөлмелерді жиі желдетіп, дымқыл тазалық жүргізу;
• ауырып жүрген адамдармен қарым-қатынасты азайту;
• дұрыс және теңгерімді тамақтану;
• ауру белгілері пайда болғанда дереу дәрігерге қаралу.

Қазіргі таңда екпені 80 264 адам (55,3%) салдырды. Медициналық қызметкерлер де өздерін және науқастарын қорғау мақсатында вакцинациядан өтіп жатыр.

Қосымша ақпаратты емхананың тіркеу бөлімінен ала аласыздар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар