Freedom Inside '26

Алматы тұрғындарына жақсы жаңалық: үй маңындағы ақылы тұрақтарды тегін пайдалану мүмкіндігі берілуі мүмкін

Алматы тұрғындарына жақсы жаңалық: үй маңындағы ақылы тұрақтарды тегін пайдалану мүмкіндігі берілуі мүмкін
ашық дереккөз

Алматыда тұрғындарға үй маңындағы ақылы автотұрақтарды тегін пайдалану мүмкіндігі берілуі мүмкін, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алматы әкімдігі мен қалалық мәслихат жол қозғалысын ұйымдастыруға қатысты жаңа ережелер жобасын әзірледі.

Құжатта коммуналдық және жекеменшік автотұрақтардың жұмысы, төлем жасау тәртібі мен жеңілдіктер қарастырылған. Ұсынылған өзгерістерге сәйкес тұрғындар өз үйінен 500 метр қашықтағы ақылы тұрақтарға көліктерін тегін қоя алады.

Сондай-ақ, жоба аясында көліктерді эвакуациялау, арнайы айып тұрағына орналастыру және иесіне қайтару тәртібі нақтыланған. Бұдан бөлек, арнайы тұрақ орындарына қойылатын талаптар мен электрсамокаттарды пайдалану ережелері де қамтылған.

Құжат 25 маусымға дейін "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылаудан өтеді.