Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов кейбір сотталған азаматтарға, оның ішінде Қуандық Бишімбаев, Кәрім Мәсімов және Перизат Қайратқа рақымшылық жасау мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Вице-министрдің айтуынша, бұл сұраққа жауап – нақты әрі үзілді-кесілді "жоқ". Ол қолданыстағы заңнама бойынша аталған тұлғаларға амнистия қолдану мүмкін емес екенін айтты.
Санжар Әділов Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес, терроризм, экстремизм, мемлекетке опасыздық, сыбайлас жемқорлық қылмыстары, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жасалған құқық бұзушылықтар үшін сотталғандарға рақымшылық жасауға тыйым салынатынын түсіндірді.