Перизат Қайрат колонияда немен айналысады? Бұл сауалға ішкі істер вице-министрі Абай Қайырбеков жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Абай Қайырбековтің айтуынша, Перизат Қайраттың жұмысқа орналасуы оның біліктілігі мен бос орындар болуына қарай шешіледі.
"Оны қай жерге жұмысқа орналастыруға болатынын, қандай бос орындар барын қараймыз. Егер біліктілігі жеткіліксіз болса, осындай сотталғандарға арналған арнайы оқу ұйымдастырамыз", – деді ол.
Қайырбековтің сөзінше, қажет болған жағдайда Перизат Қайратты колледжде немесе түзету мекемесі жанындағы курстарда оқытады.