"Бешбармақ" деген сөзден құтылу керек. "Бешбармақ" деу ұлттық тағамды қорлау. Бұл сөзді баяғыда бізді отарлаған кезде генерал-губернаторлар мен олардың жандайшаптары ойлап тапқан. Қолмен жегенді " казахи бешбармачничают" деп мазақтаған.
Әбден қорлық көріп, отарлаудың зардабын тартқан қазақ бұл сөзге көне салған, оны қабылдай салған. "Бешбармақ" деп айтуға да болмайды, жазуға да болмайды. Ет немесе орысша айтқанда "мясо по казахский" деу керек.
Бірақ, бұл атау бәрібір қалмай келе жатыр. Неге? Себебі, оны отырыстарда өзіміз айтып жүрміз. Бұл дұрыс емес.
Біздің Шымкентте "Бешбармақ" деген атаумен төрт дәмхана ашылған. Солардың екеуін улап-шулап жүріп жаптырдық. Екеуі әлі тұр.
Сондықтан, бұлай деп жазбаңыздар, айтпаңыздар. Бұл қазақша етіміздің қорлау..." дейді жазушы.
Жазушы бұл пікірін белгілі журналист Төребек Байтасовтың бағдарламасында айтты.
https://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=ggUb441Q4ss