Қазақстан балмұздақ экспорты бойынша тарихи межеден асты

Самал Асқар 20 ақп. 2026 15:03

2025 жылы Қазақстан тарихында алғаш рет балмұздақ экспорты импорттан асып түсті, деп хабарлайды Dala News.

Жыл қорытындысы бойынша экспорт көлемі 14 167 тоннаны құраса, импорт 12 194 тонна болды. Бұл көрсеткіш саладағы жүйелі өзгерістерді және отандық өндірушілердің халықаралық нарықтағы позициясының нығайғанын көрсетеді.

«Шин-Лайн» компаниясының вице-президенті Омарбек Жұлдыздың айтуынша, бұл нәтиже ұзақмерзімді жаңғырту мен экспорттық экспансия стратегиясының жемісі.

«2005 жылы Қазақстан небәрі 12 тонна балмұздақ экспорттап, 12 мың тоннадан астам өнім импорттайтын. Бүгінде жағдай түбегейлі өзгерді: жеткізу географиясы 10 елге дейін кеңейді, ал экспорт алғаш рет импорттан асты. Бұл қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және саланың кемелденгенін көрсетеді», — деді ол.

Сарапшылардың пікірінше, өсімге заманауи өндірістік қуаттарды іске қосуға бағытталған ірі инвестициялар, озық технологияларды енгізу және отандық өндірушілерге көрсетілген мемлекеттік қолдау ықпал еткен.

Экспорттық түсімнің артуы мен орташа экспорттық бағаның өсуі салада бағалық бәсекеден сапа мен брендке негізделген бәсекеге көшу үрдісін айқындайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove