Алдағы күндері -37 градусқа дейін суық болады

Көркем Алдабергенова 20 ақп. 2026 14:55

Алдағы күндері -37 градусқа дейін суық болады, деп хабарлайды Dalanews.kz

Еліміздің басым бөлігінде циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен әртүрлі қарқындылықтағы жауын-шашын болады. Солтүстік және шығыс өңірлерде қар жауып, кей уақыттарда қалың қар түседі. Оңтүстік облыстарда жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде болжанады. Сондай-ақ екпінді жел күшейіп, боран соғады, көктайғақ пен тұман құбылыстары байқалады.

Циклоннан кейін Батыс Сібір жазығы аудандарынан антициклон батыс өңірлерге ығысады. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді. Түнгі уақытта батыс облыстарда ауа температурасы 10–22 градус аязға дейін, солтүстік облыстарда 17–25 градус аязға дейін, ал оңтүстік облыстарда 0–8 градус аязға дейін төмендейді.

23 ақпаннан бастап солтүстік-батыста, 24 ақпаннан бастап солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасының күрт төмендеуі болжанады. Кей жерлерде 25–37 градусқа дейін аяз күтіледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove