Белгілі кәсіпкер Гаджиевтің адамдары қалай қысым көрсеткенін айтты

Көркем Алдабергенова 07 қаз. 2025 13:06

"АлматыМетроҚұрылыс" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің төрағасы, Алматы метросы мен оның 11 жұмыс істеп тұрған станциясын салған Қайрат Реимов журналист Вадим Борейкоға берген сұхбатында өз компаниясына қысым көрсетілгені туралы айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мен сөйлестім, иә, кездесулер болған, – дейді Реимов. – Турасын айтсам, келгендердің әрқайсысы өздерін метро жобасына қатысы бар адамдар ретінде таныстырды. Олардың кейбірі "Integra" компаниясына немесе оны ауыстыратын басқа құрылымдарға байланысты екенін айтты. Бірақ, шын мәнінде, бұл істің артында кімдер тұрғаны, кімдер ұйымдастырып отырғаны түсінікті еді. Солар осы жобадағы басты мүдделі адамдар екенін де жасырмады", - дейді кәсіпкер.

– Келген адамдар болды ма?
– Иә, болды.
– Денесі ірі жігіттер ме?
– Иә, спортпен айналысатын секілді.
– Сақал қойған ба?
– Иә, сақалды.

– Қысым жасады ма?
– Маған қысым жасау мүмкін емес. Мінезім сондай. Шынымды айтсам, олардың сырт келбеті мен “спорттық мансабына” түкіргенім бар,– дейді Реимов. 

"Бізге талап емес, “кеңес” берді"

– Олар не ұсынды, не талап етті?
– Талап қойған жоқ, бірақ “жақсырақ орындаған жөн” дегендей кеңес айтты. Олардың айтуынша, жағдай солай қалыптасып отыр, иә, біз елдегі жалғыз осындай компаниямыз, бірақ бәрібір ішкі серіктестік арқылы бірігу қажет.

– Талаптары нақты неде еді?
– Талаптары  біз бас мердігер болмай, басқа біреулердің қосалқы мердігері ретінде келісуіміз керек дегенге саяды. Нақты шарттарды ашып айтқан жоқ, тек “соған келіскен дұрыс” деді.

"Бұрынғы әдіс – жаңа адамдар"

– Демек, олар негізгі жобаны алады, ал сіздер қосалқы мердігер рөлінде боласыздар ғой?
– Иә. Әдеттегідей. Мен айтып отырмын ғой, Владимир Николаевич, ештеңе өзгермеген. Әдіс те, тәсіл де бұрынғыдай. Тек адамдар ғана басқа.

Айта кетейік, "АлматыМетроҚұрылыс" – Алматы қаласындағы метро құрылысына жауапты негізгі компания. Ол мегаполистегі барлық 11 жұмыс істеп тұрған станцияны салған. Реимовтың айтуынша, компания соңғы уақытта түрлі қысым мен күмәнді ұсыныстарға тап болып отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар