2026 жылы алтынның бағасы тарихи шектен асып, 4,2 мың доллар болуы мүмкін - сарапшы

Кәмшат Тілеухан 07 қаз. 2025 14:49

Алтынның бағасы әлемдік нарықтарда қымбаттау үстінде және жақын болашақта оның бір унциясы 4,2 мың доллар болуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мұндай болжаммен "Финам" сарапшысы Николай Дудченко LS басылымына берген сұқбатында бөлісті.

Comex-те Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де алтынның бір троя унциясының құны 3 986 долларды (+0,25%) көрсетіп тұр. Дудченконың айтуынша, қазіргі уақытта инвесторлар назары ФРЖ ставкасының траекториясы мен американдық реттеуші органның өзін тәуелсіз ұстай алу-алмауына аууда.

"Біздің ойымызша, осы жайттар қазіргі уақытта қымбат метал құнының өсіміне негіз себептер болып табылады. Сонымен қатар бағаларға ETF-ке келіп түскен қаражат ағыны және әлемдік орталық банктер тарапынан артушы сұраныс қолдау көрсетуде. Қысқа мерзімді факторлардың ішінде бағаға АҚШ үкіметінің shutdown-ы (уақытша жұмыс істемеуі) және Үндістандағы зергерлік өнеркәсіптің алтынға деген сұранысын арттыратын мерекелердің басталуы да әсер еткен", - дейді ол.

Сонымен қатар, геосаясатқа байланысты дүдамал жағдай маңызды фактор болып табылады: Таяу Шығыстағы қақтығыс әлі тәмамдалмады, сонымен қатар Венесуэла айналасындағы шиеленіс арта бастады. Бұл жағдайда қымбат метал құнының төмендейтіндей нақты алғышарттар әлі байқалмайды.

"Техникалық талдау тұрғысынан алатын болсақ, біз бағаның орташа мәннен айтарлықтай ауытқып кеткенін көріп отырмыз, бұл, әрине, теріс құбылыс. Алайда, оның ықпалы өте күшті деп айта алмаймыз", - дейді Дудченко.

Іргелі бағам тұрғысынан келгенде, егер АҚШ-тағы инфляциялық жағдай нашарлай бастаса немесе геосаяси тәуекелдердің беті қайта бастаса, бағаның төменге кетуіне алғышарттар пайда болуы мүмкін, бірақ бұл әзірге екіталай нәрсе. Сондықтан сарапшы қалыптасып отырған қазіргі үрдіс біраз уақытқа дейін созылуы мүмкін.

Кәсіби қатысушылар қымбат металдың бағасы жаңа жылға дейін тарихи шекті игеріп, тіпті одан асып түсетінін болжайды.

"Біздің базалық бағалауымызда бір троя унциясының бағасы 4,2 мың доллар деңгейінде қалыптасуы мүмкін", – дейді  Дудченко.

Сондай-ақ, сарапшылар қазіргі уақытта алтыннан кейін күмістің бағасы да өсетінін атап өтті. Олар жылдың соңына қарай бұл қымбат металдың бір унциясы 49-50 доллардан жоғары болатынын жоққа шығармайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар