Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдерге вокзалдарды жаңғырту жұмыстарын жеке бақылауды тапсырды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Премьер-министр Олжас Бектенов теміржол вокзалдарын жаңарту жобасының маңызына тоқталып, оның жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, қызмет сапасын арттыруға бағытталғанын айтты.
Оның сөзінше, жоба аясындағы барлық қолдау шарасы қабылданған. Осыған байланысты өңір әкімдері жұмыстардың орындалу барысын апта сайын жеке бақылауда ұстап, белгіленген мерзім мен сапа талаптары сақталуын қамтамасыз етуі қажет.
Сондай-ақ, премьер-министр туындаған мәселелерді жедел шешіп, мердігер ұйымдармен бірлесіп, құрылыс алаңдарындағы жұмыс күші мен техникалық ресурстар санын арттыруды тапсырды.
Олжас Бектенов жаңғыртудан өткен 30 вокзалдың 1 шілдеге дейін алғашқы жолаушыларды қабылдауға дайын болуы қажет екенін айтты.