Freedom Inside '26

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кіру билеттерінің бағасы өзгерді

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кіру билеттерінің бағасы өзгерді
Астана телеарнасы

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кіру билеттерінің жаңа бағасы бекітілді. Өзгерістерге сәйкес, Қазақстан азаматтары мен шетелдік туристер үшін билет құны әртүрлі болады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жаңа тариф бойынша алыс шетелден келген туристер үшін билет бағасы 5 мың теңге болып белгіленді. Ал ТМД елдерінің азаматтары кесенеге 2 мың теңгеге кіре алады.

Қазақстан азаматтары үшін баға бұрынғыдан қолжетімді деңгейде сақталған. Ересектерге арналған билет құны – 1 мың теңге. Студенттер мен зейнеткерлер үшін жеңілдетілген тариф 500 теңгені құрайды. Мектеп оқушылары кесенеге 300 теңгеге кіре алады.

Жаңа баға саясаты тарихи-мәдени нысанды күтіп ұстау, сақтау және туристерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында енгізілгені атап өтілді.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қазақстандағы ең танымал тарихи ескерткіштердің бірі. Жыл сайын кесенеге ел ішінен және шетелден жүздеген мың турист келеді.