Freedom Inside '26

Қостанай облысында немересін құтқармақ болған атасы да суға кетті

Қостанай облысында немересін құтқармақ болған атасы да суға кетті
видео кадры

Қостанай облысында Тобыл өзенінен жоғалған екі адамның сүйегі табылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тобыл өзенінде жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Құтқарушылар суға кеткен бала мен ер адамның сүйегін тапты.

Оқиға 14 маусымда Қостанай ауданына қарасты Алтын Дала ауылы маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша отбасы өзен жағасында демалып отырған кезде 2020 жылы туған бала су жағасында ойнап жүріп, қатты ағысқа түсіп кеткен. Немересін құтқаруға ұмтылған атасы да ағысқа қарсы тұра алмай, екеуі судың ағынымен кетіп қалған.

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 16 маусымда жедел құтқару жасағының қызметкерлері баланың сүйегін тапқан.

Іздестіру жұмыстарына ТЖД қызметкерлері, полиция, жедел жәрдем мамандары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ, "10 регион", "Барс", "Дос" еріктілер ұйымдары мен жергілікті тұрғындар қатысқан.