Қаржыгер Арман Батаев Forte Bank акцияларын бағалау әдістемесіндегі соңғы өзгеріс миноритарлық акционерлерден үлестерді нарықтағыдан әлдеқайда төмен бағамен мәжбүрлі түрде сатып алуға дайындық болуы мүмкін деп болжайды. Ол бұл қадам банк секторындағы бірігу тұрғысындағы ірі операциялар аясында қарастырылып жатқанын айтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қаржыгер Арман Батаевтың Telegram-дағы Finmentor арнасында банк акциясының басым бөлігіне ие Болат Өтемұратов бағалау ережелеріндегі соңғы өзгерістерді пайдалана отырып, Forte Bank акцияларын толықтай бір жерге шоғырландыруға дайындалып жатқанын болжайды. Ал жаңа әдіс бойынша сатып алу бағасы нарықтық бағадан 4 есеге төмендетіліп отыр. Сарапшы осыған баса назар аудартады. Оған қағаздарды баланстық құны бойынша бағалау мүмкіндігі қосылды.
Бұл жаңашылдық бағада айтарлықтай айырмашылығын тудырады:
- баланстық құны бойынша баға: бір акция үшін 5,11 теңге;
- соңғы 30 күндегі биржада тіркелген орташа нарықтық баға: бір акция үшін 18-19 теңге.
1 шілдедегі жағдай бойынша Болат Өтемұратов Forte Bank акцияларының 91,1%-ына иелік етеді. Арман Батаев атап өткендей, "Акционерлік қоғамдар туралы" ҚР Заңының 25-1-бабына сәйкес, жария акционердің үлесі 95%-ға жеткенде, ол қалған акцияларды барлық миноритарийлерден мәжбүрлі түрде сатуды талап етуге заңды құқық алады.
Айта кетсек, бұл әрекеттер банк секторындағы үлкен өзгерістер аясында жүзеге асырылуда. Бұған дейін Forte Bank қазақстандық Home Credit BANK-ты сатып алып жатқаны хабарланған. Экономист Ғалым Құсайынов Forbes Kazakhstan-ға берген сұқбатында басқа банкті сатып алу жай ғана өсім үшін емес, болашақ, әлдеқайда ірі сатылым үшін активті стратегиялық "бордақылау" болатынын айтқан еді. Оның үстіне, нарықта осы бірігу процесінен кейін Forte Bank-ті ірі шетелдік ойыншы – мажарлық ОТP Bank сатып алуы мүмкін деген долбар бар. Сондықтан "шетелдік инвесторға сатылуы мүмкін" деген нұсқаны қарастырсақ, онда 100% акцияны бір адамның қолына шоғырландыру деген қисынды ой. Бұл мәміле құрылымын едәуір жеңілдетеді және активті сатып алушы үшін тартымды етеді.